UEFA Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: «Қайрат» - «Селтик»
Қарт құрлықтың басты доп додасы - УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аяқталуға жақын. Плей-офф кезеңінде ел намысын алматылық «Қайрат» қорғап жатыр. Санаулы сәттен кейін Орталық стадионда ел чемпиондары шотландиялық «Селтик» командасымен қарымта кездесу өткізеді. Қазір Алматыдағы стадионнан әріптесім Фархат Қаналы тікелей байланысқа шығып тұр.
Фархат Қаналы, тілші:
Міне, араға 10 жыл салып, қазақ даласында Чемпиондар лигасының әнұраны шырқалмақ. Дәл бүгін осы Орталық стадионда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтетін команда анықталады. Алматылық «Қайрат» өз алаңында шотландиялық азулы «Селтик» командасын қабылдайды. Бір апта бұрын Глазгода өткен ойын 0:0 есебімен аяқталған. Енді Рафаэль Уразбахтин баптайтын команданың келесі кезеңге өтуге үлкен мүмкіндігі бар. Дегенмен алаң иелері сапынан бірнеше ойыншы алаңға шыға алмайды. Қақпашы Александр Заруцкий жарақат алса, шабуылшы Дастан Сәтпаев сары қағаздың көптігіне байланысты кездесуге қатыспайды. Соған қарамастан команданың ойын алдындағы көңіл күйі тамаша! Оларды қолдауға бүгін 25 мыңнан аса жанкүйер келмек. Ұйымдастырушылар билеттер күні бұрын толық сатылып кеткенін жеткізді. Ендеше санаулы сәттен кейін басталатын «Қайрат» - «Селтик» матчын «Qazsport» телеарнасынан 21:45-те өткізіп алмаңыздар! Жерлестерімізге бірге жанкүйер болайық!
Фархат Қаналы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18