Зілзаладан қираған аудандарда іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр
Ауғанстанның шығысында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Сенбіден жексенбіге қараған түні мұнда магнитудасы 6 балдық жер сілкінісі болып, Кунар және Нангархар провинцияларындағы кейбір ауылдар түгелге жуық қирады. Талай жол бұзылғандықтан, таудағы елді мекендерге жету қиынға соғып отыр. Сондықтан құрбандар санының көбеюі мүмкін.
Бүгінгі мәліметке сәйкес, зілзаладан 812 адам қаза тауып, тағы 2800-і жараланған. Тәліптер үкіметі халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады. Апатқа байланысты Ауғанстанға Қытай, Үндістан, Ұлыбритания және Швейцария жәрдем жіберуге уәде берді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17