Сирия 14 жылдан соң қайта мұнай экспорттай бастады
Сирия 14 жылдан бері алғаш рет шетелге мұнай экспорттай бастады. 600 мың баррель шикізат Тартус портынан өзге мемлекетке жөнелтілген. Мұны осы елдің энергетика министрлігі мәлімдеді.
Бұл Араб Республикасы революция алдында, яғни 2010 жылы күніне 380 мың бөшке шикізат экспорттаған. Содан бері Сирияның халықаралық нарықта «қара алтын» сатқаны алғаш рет белгілі болып отыр.
Дамаскіде Башар Асад режимі былтыр желтоқсанда құлатылды. Содан кейін билікке келген исламшылар ел экономикасын жандандыруға уәде берді. Ал маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияны санкциядан босату туралы қаулыға қол қойды. Іле-шала америкалық компаниялар бұл мемлекеттің мұнай және газ кеніштерін игеру туралы жоспар жасақтауға кіріскен.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17