$75 млн табыс: Қазақстан үш елге ғарыш аппаратын экспорттайды
Қазақстан үш елге ғарыш аппаратын экспорттайды. Бұл арқылы мемлекет 75 млн доллар табыс табады деп көзделуде. Ғарыш аппараты жеткізілетін елдер тізімінде Нигерия, Конго және Моңғолия бар. Қазір алты ғарыш аппаратын құрастыру жүріп жатыр. Оның ішінде жерді қашықтан зондтауға арналған оптикалық спутник және жер бетін сканерлейтін ғарыш аппаратының түрлері бар. Бұл құрылғылардың көмегімен жер бетін ғарыштан әртүрлі әдіспен түсіріп, ақпарат алуға болады. Жерсерік жердің жағдайын тиімдірек бақылауға, су ресурстарын басқаруға және қоршаған ортадағы өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді.
Мәлік Олжабеков, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:
Конго, Нигерия және Моңғолия елдерімен үш келісімшарт бар. Бұл жерде осы экспорттық келісімшарттар бойынша жалпы мәліметті айта аламын. Өйткені келісімшарт талаптары бойынша әр спутниктің құнын жариялауға болмайды. Менің бағалауым бойынша, бұл үш спутниктің жалпы құны 70-75 миллион доллар шамасында бағаланады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Қостанайда қорқытып, ақша талап еткен күдіктілер ұсталды
02.11.2026, 10:00
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00