Газа секторындағы соғыс құрбаны 64 мыңнан асты
Газа секторында екі жылға жақындаған соғыстан қаза тапқан палестиналықтар саны 64 мыңнан асты. Солардың 28-і өткен тәулікте мерт болды. Құрбандардың көбі – әйелдер мен балалар. Мұны Газаның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Израиль болса, бұл деректі жоққа шығарып, опат болғандар туралы өз мәліметін ұсынбай келеді. Газада «Хамас-Израиль» шайқасы 2023 жылы қазанның 7-де еврей мемлекетінің оңтүстігінде 1200 адам өлтіріліп, 251-і кепілге алынғаннан кейін басталды. Содан бері Израиль әуе және құрлықтық операциялар жүргізіп, палестиналық анклавтың түгелге жуығын қиратты. Жүздеген мың адам босқынға айналып, сектор блокадағы алынып, қазір жергілікті тұрғындар ашаршылыққа душар болып отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12