Е.Қошанов: Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі
Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында Жолдаудағы басты міндеттерге осылай деп пікірін білдірді. Сонымен қатар Ерлан Қошанов жаппай цифрландыру мен барлық салада жасанды интеллектіні қолдану идеясы осы жолғы Жолдаудың өзегіне айналғанын атап өтті.
Ерлан Қошанов,
ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Кешегі Жолдауында Президент келешектегі бір палаталы Парламентті партиялық тізіммен жасақтауды ұсынды. Бұл партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі. Биліктің мызғымас институты ретінде қалыптастырады. Белсенді азаматтар өз ұстанымы мен көзқарасына сай келетін партияға мүше болуы арқылы Парламентке келіп, елдің тағдырына араласа алады. Мұндай жүйе әлемдік тәжірибеде кеңінен тараған. Сондықтан барлық фракцияны, депутаттарды осы жүйелі әрі прогрессивті реформаны қолдауға шақырамын.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12