Астанада жас дінбасылардың II форумы өтеді
18 қыркүйекте Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі аясында Жас дінбасылардың II форумы өтеді. Жиын жаңа буынды жаһандық міндеттерді шешуге жұмылдыру және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға бағытталған. Бұл маңызды басқосу түрлі мәдениеттер мен діндер өкілдерімен өзара түсіністікке ұмтылатын жаңа көшбасшылар буынын қалыптастыруға ықпал етпек. Іс-шараға жас діни қызметкерлермен қатар, ғалымдар, сарапшылар, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері қатысады. Форум Қазақстанда екінші рет ұйымдастырылғалы отыр.
Руслан Ибраев, Конфессияаралық және дінаралық диалог халықаралық орталығының департамент директоры:
Жас діни лидерлер, зайырлы лидерлер, жаңадан қалыптасып келе жатқан саяси лидерлер жасанды интеллект, сандық технологиялар, әлемді алаңдатып отырған экология мәселесі, діни сенім мәселесі, бейбітшілік пен келісім мәселелеріне қатысты өздерінің барлық көзқарасын, тұжырымдарын бір құжатқа негіздеп, үндеу жасайды. Бұл - форумның негізі қорытындысы.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Қостанайда қорқытып, ақша талап еткен күдіктілер ұсталды
02.11.2026, 10:00
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00