Дін көшбасшылары: Дін - адамзатты біріктіретін құрал
Астанада әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі жалғасып жатыр. Бүгін түрлі сессиялық отырыстар жоспарланған.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Бүгінге әлем тыныштығы мен тұрақтылығын сақтау үшін маңызды талқылаулар жоспарланған. Бірінші секция «XXI ғасырда адамзатты біріктірудегі діндердің рөлі» тақырыбына арналады. Яғни, дін әркімнің сенімі мен рухани қажеттілігін қанағаттандыру үшін ғана емес, адамзаттың ынтымаған арттыруға бағытталмақ. Екіншісі «Діндер – әлемнің тұрақты дамуының факторы» деген тақырыпқа арналды. Мұнда түрлі елдерден келген дін лидерлері мен сарапшылар қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында ынтымақ пен бейбітшіліктің маңызын ортаға салады. Одан кейін сағат 12:00-де тағы екі секция жоспарланған. Бірінде дін мен цифрлық дәуір құндылықтары сөз болса, екіншісі экстремизмге қарсы күресте сенімнің бейбітшілік әлеуетін қарастырады. Яғни, қазір діннің атын жамылып, түрлі сорақы әрекеттер жасайтын топтар бар. Бұл да үлкен және ашық талқылауды қажет ететін маңызды тақырып. Айтылған ойлардың барлығы съездің қорытынды декларациясына негіз болмақ. Яғни, пікір мен ұсыныстар Біріккен Ұлттыр Ұйымының қарауына алынады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
06.12.2025, 17:24
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10