Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аяқталды
Кез келген дін әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау бағытында жұмыс істеуі керек. Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері бейбіт болашақтың бағдары осындай болуы керек деген ұйғарымға келді. Әріптесім Оңғар Алпысбайұлы қазір тікелей эфирге қосылуға дайын тұр. Оңғар, екі күнге созылған жиынның қорытындысы бойынша қандай да бір ресми құжат қабылданды ма?
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Иә, жиын қорытындысы бойынша «Астана декларациясы» қабылданып, діндер мен мәдениеттер арасындағы диалогты нығайту, жаһандық сын-қатерлерге қарсы бірлескен әрекет ету міндеттері бекітілді. Құжатта отызға жуық тармақтан тұрады. Декларацияда әсіресе экстремизм мен ксенофобияға қарсы тұру, дінаралық және мәдениетаралық келісімді сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылған. Жалпы сегізінші Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі бірнеше минут бұрын аяқталды. Бүгін де бірқатар маңызды мәселлер талқыланды. Оның ішінде жастармен жұмыс, цифрландыру, қоғамды ізгілендіру, экстремизмге қарсы күрес тақырыптары бар. Дін лидерлері бүгін татулық пен толеранттылық ортақ міндет екенін тағы да растды. Ал діннің қоғамдағы орны – бөліп-жару емес, біріктіру, адамгершілік, құрмет және келешекке қалатын аманат деді қатысушылар. Сонымен қатар қатысушылар алдағы съезді 2028 жылы да дәл осы Астанада өткізуге уағдаласты.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08
Қазақстанда буын тіндерін қалпына келтіру технологиясы әзірленіп жатыр
16.09.2026, 10:05
Елімізде су нысандарын жаңартуға француз технологиялары тартылады
16.09.2026, 10:04
ЕО 15 жасқа дейін балалардың әлеуметтік желіні қолдануына шектеу қоюды ұсынбақ
16.09.2026, 10:04
АҚШ ғарышқа қару шығарғанын мойындады
16.09.2026, 10:03