Олимпиада жүлдегерлеріне 100 млн теңге сыйақы берілді
2024-2025 жылдарда қазақстандық оқушылар 35 халықаралық олимпиада мен ғылыми байқауға қатысып, мыңнан аса медаль жеңді. Оның 193-і алтын, 349-күміс, 464-қола. Яғни, әрбір екінші қатысушы жүлдегер атанған. Биылғы халықаралық рейтингте қазақстандық оқушылар физика, биология, лингвистика, химия және география, информатика мен математикадан дүниежүзі бойынша үздіктер қатарында. Оларды жігерлендіру үшін жуырда әлем бойынша ең беделді саналатын 7 олимпиада жүлдегерлерін Президент қабылдады. Одан бөлек үздіктер мен оларға жетекшілік еткен педагогтарға 100 млн теңгеден астам сыйақы берілді.
Қаныбек Жұмашев, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің комитет төрағасы:
Мемлекет басшысының қолдауымен 2022 жылдан бастап халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы тағайындалып келеді. Атап айтқанда, алтын медаль иегерлеріне 6 млн теңге, күміс медаль иегерлеріне 4 млн теңгеге дейін, қол медаль иегерлеріне 2 млн теңгеге дейін сыйақы берілді. 2025 жылы Олимпиада жүлдегерлері мен олардың тәлімгерлеріне жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам біржолғы сыйақы берілді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08
Қазақстанда буын тіндерін қалпына келтіру технологиясы әзірленіп жатыр
16.09.2026, 10:05
Елімізде су нысандарын жаңартуға француз технологиялары тартылады
16.09.2026, 10:04
АҚШ ғарышқа қару шығарғанын мойындады
16.09.2026, 10:03
Қытайда жанармай бағасы қымбаттады
16.09.2026, 10:02
Ресейде орман өрті өршіп, ағаш өңдеу өнеркәсібі құлдырады
16.09.2026, 10:00
ШҚО-да өртке қарсы құрылғылар орнатылып жатыр
16.09.2026, 09:59
Түркістан облысында дрон арқылы жол ережесін бұзған 100-ден астам дерек тіркелді
16.09.2026, 09:58