Энергетика министрлігі: Өңірлер жылыту маусымына дайын
Жылыту маусымына дайындықтың соңғы кезеңі жүріп жатыр. Энергетика министрлігінің өкілдері еліміздің барлық өңірі суық күндерге сақадай сай дейді. Тіпті кестеден кешігіп, Үкімет басшысынан ескерту алған Орал, Степногорск, Аягөз және Сәтбаев қалаларының басшылары да білек сыбана іске кірісіпті. Бүгінде 6 энергоблок, 29 қазандық пен 16 трубинада жөндеу жұмысы аяқталып, тағы 10 энергоблок, 63 қазандықты қалыпқа келтірмек. Қала мен аудан халқы қыстан шығуы үшін 8 млн тонна көмір қажет. Бірақ әзірге оның 5 млн тоннасы жиналған. Айта кету керек, ел бойынша жылыту маусымы қазан айының 15-де басталуы тиіс. Дегенмен ауа райы күрт суытса, жоспар өзгеруі мүмкін.
Ержан Ертаев , Энергетика министрлігінің комитет төрағасы:
Жылыту маусымына барлық облыс дайын. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары резервтік қондырғыларда жүріп жатыр.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01