ХОК қазақстандық спортшыларға стипендия бөлді
Халықаралық Олимпиада комитеті 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындалу үшін қазақстандық бірнеше спортшыға стипендия бөлді. Үміткерлер ұлттық федерациялар арқылы іріктелген. Олардың арасында бокстан Әлем чемпионы Аида Әбікеева, дзюдодан Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, командаласы Абиба Абужақынова, балуандардан Ризабек Айтмұхан, мергендерден: Әсем Орынбай, Александра Ле мен Ислам Сәтпаев, ал гимнастикадан: Милад Карими мен Данил Мұсабаев сияқты бірнеше спортшы бар. Қаржы - оқу-жаттығу жиындарына, жекелей дайындықтарға, бапкерлер мен мамандардың еңбекақысын төлеуге, сақтандыруға, сондай-ақ жолақы мен тамақтануға жұмсалады. Стипендияның мақсатты жұмсалуы жіті қадағаланады.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01