Халықаралық еңбек ұйымы қазақстандықтарды құттықтады
Халықаралық еңбек ұйымының Бас директоры Жильбер Унгбо Астанада өткен «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» атты форум қатысушыларына арнаған бейнеүндеуін жолдады. Жильбер Унгбо өзі сөзінде, жұмысшы мамандықтар өкілдерін жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін төл мерекесімен құттықтап, Үкімет пен әлеуметтік серіктестерден былтыр мауысм айында қабылданған Лайықты еңбекті ілгерілету жол картасын жүзеге асыруға көп күш салуды сұрады. Өйткені бүгінде еңбек қауіпсіздігі әлем бойынша өзекті әрі маңызды мәселеге айналып отыр.
Жильбер Унгбо, Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры:
Жұмыс берушілер мен жұмысшылардың тәуелсіз және өкілді ұйымдары әлеуметтік диалогты дамытуда маңызды рөл атқарады. Олар еңбек нарығындағы мәселелерді инклюзивті әрі тұрақты шешуге мүмкіндік береді. Қазақстанда «Paryz» жұмыс берушілер конфедерациясы қарқынды дамып, Үкімет пен Халықаралық еңбек ұйымының сенімді серіктесіне айналды. Оның Халықаралық жұмыс берушілер ұйымына мүше болуы – осы рөлдің айқын дәлелі. Дәл осындай серіктестік аясында жемісті талқылаулар мен жұмыстарыңызға жетістіктер тілеймін.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01