Денис Тенді еске алуға арналған турнир басталды
Алматыда Қазақстанның әйгілі мәнерлеп сырғанаушысы Денис Тенді еске алуға арналған турнир басталды. Байрақты бәсекеге әлемнің 25 елінен 150-ге жуық спортшы келген. Ел намысын 20-ға жуық конькиші қорғайды. Сайыста мұздағы би дуэттерінен бөлек, жасөспірімдер, әйелдер және ерлер арасында жеке сырғанаушылар да бар. Жарыс 4 қазанға дейін жалғасады. Турнирде үздік атанғандар әлемдік рейтингте ұпайын арттырады. «Сайыс спортшыларға келесі жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дайындығын пысықтауға мүмкіндік береді», - дейді шара ұйымдастырушылары.
Әлімжан Ақаев, Қазақстан ұлттық олимпиадалық комитетінің бас хатшысы:
Милан мен Кортинaда өтетін Олимпиадалық ойындарға бір дайындық есебінде басталады. Біздің спортшылардың барлық құрамы осында. 2 ерлерден, 2 қыздардан құрамы осында шығады. Және өздерінің Олимпиадада көрсететін практикалық және шоу көрсетіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08