Франция премьер-министрі отставкаға кетті
Францияда премьер-министр Себастьен Лекорню 1 айға жетер-жетпес уақытта қызметінен кетті. 39 жастағы саясаткер бұл лауазымға қыркүйектің 9-да тағайындалған еді. Лекорнюдің отставкасын президент Эммануэль Макрон қабылдаған. Бір күн бұрын Себастьен Лекорню министрлер кабинетінің жаңа құрамына қатысты өткір сынға қалған еді. Жаңа үкімет әлсіз әрі бұрынғы премьер Байрудың кабинетіне ұқсас деген пікірлер айтылды. Сол кезде оппозиция үкіметке сенімсіздік вотумын жариялайтынын мәлімдеді. Елде саяси дағдарыс 2024 жылдың шілдесінен бері жалғасып келеді. Соңғы екі жылда Францияда 5 премьер-министр ауысқан. Лекорнюдің отставкасы туралы хабардан кейін акциялар арзандап, еуро бағамы долларға қарағанда 0,7 пайызға арзандады.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01