Асад кеткелі Сирияда алғаш рет парламент сайлауы өтті
Сирияда экс-президент Башар Асад биліктен кеткелі алғаш рет парламент сайлауы өтті. Ол тікелей өтпей, сайлау коллегиясының мүшелері дауыс берген. Қауіпсіздік мақсатында сайлау елдің 14 провинциясының үшеуінде өткен жоқ. Сирияның бір палаталы Халық кеңесіне 210 депутат енеді. Олардың өкілеттік мерзімі 30 ай. Депутаттардың үштен бірін президент Ахмед Әш-Шара тағайындайды. Қалған орындарды өңірлік комитеттер бөледі. Сайлауға қатысуға 1578 кандидат тіркелген. Олардың 14 пайызы әйелдер. Кандидаттарға бұған дейінгі режимді қолдамау, қандай да бір сепаратистік идеяларды ұстанбау талаптары қойылған.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01