Жаһан жұртының назарына іліккен басты жаңалықтар
Францияда премьер-министр отставкаға кетті. 39 жастағы Себастьен Лекорню бұл қызметті бір айға жетер-жетпес уақыт атқарды. Соңғы 2 жылда елде 5 үкімет басшысы ауысқан.
Сирияда Башар Асад режимі биліктен кеткелі алғашқы парламент сайлауы өтті. Оған 1578 кандидат тіркелген. 14 пайызы - әйелдер. Дауыс беру қорытындысы бір-екі күнде белгілі болады.
Эверест тауының Тибеттегі баурайында мыңға жуық адам қар құрсауында қалып қойды. Құтқару операциясы жалғасып жатыр.
Әлем нарығында алтын бағасы шарықтап барады. Бүгін сары металдың бір унциясы 3930 долларға жақындады. Жыл басынан бері алтын 49 пайызға қымбаттаған.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01