Үкімет МӘМС жүйесін қайта қарайды
Бүгін Үкімет екі мәселені талқыға салып жатыр. Оның бірі – МӘМС жүйесі, екіншісі – көлеңкелі экономиканы төмендету шаралары.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Бүгінгі күн тәртібіне МӘМС жүйесі, екіншісі көлеңкелі экономиканы төмендету мәселелері шығарылып отыр. Енді, осы тақырыптарға жеке-жеке тоқталсақ. МӘМС-тің іске қосылғанына 5 жыл болса да, әлі күнге сынға қалып жүр. Жүйе жаңғыртуды талап етеді. Басты мәселелердің бірі – азаматтардың толық қамтылмауы. Соңғы мәліметтер бойынша, бүгінде елімізде 3 миллионнан астам адам «сақтандырылмаған». Кей өңірлерде халықтың 10–15%-ы медициналық қызметті тек ақылы түрде алады. Ал көлеңкелі экономикаға келсек, биыл 15 пайызға дейін төмендету міндеті тұр. Міне, бүгін Үкімет отырысында талқыланып, пысықталатын мәселелер осы. Отырыстан кейін БАҚ өкілдері үшін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқарма төрағасы Айдын Құлсейітовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Салаға қатысты өзгерістер мен тың ақпаратты алдағы шығарылымдарда тарқатып айтамыз.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Қостанайда қорқытып, ақша талап еткен күдіктілер ұсталды
02.11.2026, 10:00
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00