Трамп: Израиль мен ХАМАС бейбіт келісімнің алғашқы кезеңіне қол қойды
Мысырда Израиль мен ХАМАС бейбіт келісімнің алғашқы кезеңі бойынша уағдаластыққа қол жеткізді. Олар Газа секторында атысты тоқтату жөнінде бейбіт жоспардың бірінші кезеңін іске асыруға келісті. Мұны АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді. Ал ХАМАС пен Израиль өкілдері келісімді растады. Қарулы топ Израильге келісімді толық көлемде сақтауға үндеді. Трамп әлеуметтік желіде кепілдегілердің бәрі жақында босатылады, Израиль берік, ұзақ мерзімді бейбітшілікке алғашқы қадам ретінде өз әскерін шығарады деп жазды. Арағайындардың мәліметінше, тараптар Газаға гуманитарлық көмек кіргізуге де уағдаласқан. Палестина мен Израильде халық қуанышты хабарды ерекше қабылдады. Бұл сәтті олар тарихи сәт деп атады.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01