Қатар еліне мұнай және газ саласына жұмысқа баруға болады
Енді
қазақстандықтар Қатар елінде жұмыс істей алады. Сенат отырысында «Қазақстан мен
Қатар арасындағы жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімді ратификациялау
туралы» заң мақұлданды. Оған сай келесі жылдан бастап еңбек квотасы арқылы
азаматтар Таяу Шығыс елінде мұнай, газ өндіретін кәсіпорындарға жұмысқа
орналастырылады. Жоғарғы палата отырысында қабылданған құжатқа сай Қатарға
жұмысқа барған қазақстандықтардың құқығы заңмен қорғалады. Атап айтсақ, олар
тегін баспана, көлікпен, медициналық көмекпен қамтылады. Сондай-ақ жыл сайынғы
демалысты қоса алғанда, жұмысқа орналасу және еңбек шартының аяқталуы кезінде
Қазақстанға ұшуға ақы төлеу қарастырылған. Мұнай мен газ өндіріс саласында
тәжірибесі бар кез келген азамат өтінім бере алады. Олар Түркістан, Алматы және
Шығыс Қазақстан облыстарында ашылған орталықтарда арнайы крустардан өтіп барып,
жұмысқа жіберіледі. Ал жалақысы мен еңбек мерзімі туралы тиісті министрлік
өкілі былай деді.
Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі:
Еңбек шартын 3 жылға дейін біз жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыс берушінің сұранысына байланысты. Егер жұмыс беруші маған бір жылға керек десе, бір жылға, екі жылға десе екі жылға болады. Жалпы біз Қатар елінің Еңбек министрінің өкілдерімен талқылағанда біз ондай сұрақ қойдық, айлық қанша болады деген. Олардың айтқаны 1500-ден 3000 долларға дейін айлық болады.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20