Қазақстан Республикасы Президентінің үстел теннисінен Халықаралық Ашық Кубогы басталды
- Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің үстел теннисінен Халықаралық Ашық Кубогы басталды. Турнирді премьер-министр Олжас Бектенов ашты. Жарысқа 14 елден жиналған 250-ден астам спортшы қатысып жатыр. Олар жас ерекшеліктері бойынша 3 санатқа бөлінген. Бүгін 11 жасқа дейінгі балалар додаға түссе екінші кезеңде 11-16 жас аралығындағы жасөспірімдер ойнайды. Ал, ең тартысты кездесулер 17 жастан асқан ересектер арасында болады. Олардың арасында Сюй Синь, Фан Бо, Вернер Шлагер және Жу Се Хук сияқты жұлдыздар да бар.Олжас Бектенов ҚР Премьер-Министрі:
Былтыр Астана алғаш рет Азия чемпионатын қабылдады. Сонымен қатар, 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізу Қазақстанға берілді. Бұл үлкен жауапкершілік әрі зор мәртебе. Мұндай жаһандық деңгейдегі дүбірлі дода үстел теннисінің дамуына үлес қосып қана қоймай өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын одан әрі арттыруға септігін тигізеді.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Қостанайда қорқытып, ақша талап еткен күдіктілер ұсталды
02.11.2026, 10:00
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00