Финляндия президентінің сапары барысында 15 құжатқа қол қойылды
Финляндия «Бурабай» курорттық аймағында туризмді дамытуға көмектеседі. Мұндай келісімге Александр Стуббтың Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілді. Жалпы екі ел 15 құжатқа қол қойды. Оның ішінде атом энергетикасы, экология, су ресурстары, білім беру және басқа да салалар бойынша ынтымақтаса жұмыс істеу келісімдері бар. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Финляндия компанияларымен бірлескен жобалардың жүзеге асырылуына жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сіздің басшылығыңызбен Финляндия Еуропада, сондай-ақ әлемде сындарлы рөл атқарады. Мемлекеттік ұстанымыңыз бен құндылықтарға беріктігіңіз Финляндияны дүние жүзіне үлгілі ел ретінде танытып отыр. Біз мұны жоғары бағалаймыз. Қазақстан Финляндиямен достық қарым-қатынасқа баса мән береді. Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуға әзірміз.
Александр Стубб, Финляндия Президенті:
Бүгінгі кездесулерге дайындық барысында делегациядағы кәсіпкерлердің бірі «Қазақстандағы өзгерістің бәрі жедел жүріп жатқанын түсіну керек. Сондықтан баяу қимылдап, бюрократияға жол беруге болмайды» деді. Бұл Қазақстанның қандай жылдамдықпен дамып келе жатқанын көрсетеді және елдеріміз үшін қуанарлық жағдай.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01