Ямайкадағы дауылдан үш адам қаза тапты
Ямайкада сұрапыл «Мелисса» дауылы соқты. Табиғи апаттан 3 адам қаза тапқан. Ең жоғарғы 5-ші санаттағы дауыл кезінде желдің жылдамдығы сағатына 282 шақырымға жетпек. Қазір аралдық мемлекетте жел екпіні күшейіп, нөсер жауын жауып тұр. Лай көшіп, ағаштар құлап, электр жарығы жаппай өшкен. Билік дүлей дауыл жолындағының бәрін жайпауы мүмкін екенін ескертіп, абай болуға шақырған. Халық алдын-ала қауіпсіз жерлерге көшірілді. Ел аумағында 900-ге жуық орталық қауіпті аймақ тұрғындарын қабылдауға дайын. Мұның алдында «Мелисса» дауылынан Гаити мен Доминикан Республикасында 4 адам қаза тапты. Жоғалған адамдар іздестіріліп жатыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01