Дональд Трамп пен Си Цзиньпин бірқатар келісімге келді
Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында АҚШ және Қытай лидерлерінің кездесуі өтті. Жабық есік форматындағы жүздесу 1 сағат 40 минутқа созылған. Келіссөз соңында тараптар баспасөз мәслихатын өткізген жоқ. Оның қорытындысын Дональд Трамп ұшақта журналистерге баяндап берді. Ақ үй басшысының айтуынша, Вашингтон қытайлық тауарларға тарифтерді 57 пайыздан 47-ге дейін төмендетті. Бұған жауап ретінде Бейжің АҚШ-қа фентанил экспортын тоқтатуы тиіс. Cонымен бірге Қытай АҚШ-тан соя сатып алуды, сирек металдарды экспорттауды жалғастырады. Трамп сәуір айында Қытайға сапар шегетінін мәлімдеді. Си Цзиньпинмен кездесуде Тайвань мәселесі қозғалған жоқ. Тараптар Украинадағы соғыс бойынша бірлесе жұмыс істеуге келіскен.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01