Ямайкада «Мелисса» дауылынан кейін тұрғындардың 70 пайызы жарықсыз отыр
Ямайка сұрапыл «Мелисса» дауылынан айыға алмай отыр. Табиғи апат аралдық мемлекеттің инфрақұрылымына айтарлықтай зақым келтірген. Тұрғындардың 70 пайызы әлі жарықсыз отыр. Электр бағаналары құлап, 130-дан астам жолды басып қалған. Кей өңірлерде су жоқ. Әуежай қайта жұмыс істей бастады. Осы арқылы елге сырттан көмек жеткізіліп жатыр. Порттар да бүгін ашылады. Ямайкаға «Мелиссадан» келген шығын 22 млрд долларға жеткен. Ал дауылдан қираған аудандарды қайта қалпына келтіру, ғимараттарды жөндеу жұмыстары ондаған жылдарға созылуы мүмкін.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01