«Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламалары бойынша өтінім қабылдау басталды
Бүгіннен бастап «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларына өтінім қабылдау басталды. «Отбасы банкі» арқылы «Наурыз» бағдарламасына құжат қабылдау онлайн жүзеге асады. Ал «Наурыз жұмыскер» санатына кіретіндер банк бөлімшелеріне баруы шарт. Өтінімдерді қабылдау осы айдың соңына дейін жалғасады.
Дәрия Бәтенова, «Отбасы банк» АҚ орталық филиалы директорының орынбасары:
3 қарашадан бастап біз «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы бойынша да өтінім қабылдап жатырмыз. Мұнда ешқандай конкурс деген жоқ. Қатысушылар келіп, бірден өздерінің анықтамасын әкеліп, өзінің жұмыс істейтін орнын және жұмысшы маманның классификаторына кіретін жағдайда, олар бірден 2 млн ақшасын салып, төлем қабілетін растап, өздерінің үйлеріне несиелерін рәсімдей беруге болады.
Айта кетейік,
«Наурыз» бағдарламасы былтыр іске қосылды. Биылдың өзінде
6920 адам баспаналы болған. Олардың 898-і әлеуметтік осал топқа жататындықтан, несиені жеңілдетілген 7 пайыздық мөлшерлемемен рәсімдеді. Наурыз айында бағдарлама
бойынша барлығы 188 млрд теңге игерілді.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20