Басты Жаңалықтар Елімізде жатыр мойны обырын диагностикалау және емдеудің заманауи тәсілдері қолданылады

Елімізде жатыр мойны обырын диагностикалау және емдеудің заманауи тәсілдері қолданылады

Қазақстан жатыр мойны обырын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін тиімді қолдануда. Дәрігерлердің дерегінше, жыл сайын дерттің бұл түріне екі мыңға жуық адам шалдығады.  Олардың 15 пайызы қатерлі ісік әбден асқынғанда жүгінеді.  Медицина сарапшылары обырға қарсы вакцина, уақытылы скрининг пен ерте емдеуді қолға алса, аурудың алдын алу мүмкіндігі жоғары екенін айтады. Жатыр мойны ісігінің себебі - адам папиллома вирусы. Оған қарсы вакцина 2006 жылдан бері әлемнің 135 елінде қолданылып, өзінің тиімділігін дәлелдеген. Кей елдер қатерлі ісіктің даму қаупін 70 пайызға дейін азайтқан.  Мамандар аурудың алдын алу үшін жылына бір рет скринингтік тексеруден өтуге кеңес береді.

Әділбек Мұқажанов, Ұлттық онкология орталығы басқарма төрағасының орынбасары:

Егер бірінші, екінші сатысында диагноз қоятын болсақ, емдеу жылдам болады. Аз уақытта, 1-2 айдың ішінде адам толық емделіп шығуы мүмкін. Ал енді 3-4 сатылы болып кетсе, емдеу ұзақ болады және нәтижесі де күрт төмендейді. Бізде қазір Қазақстанда жатыр мойын обырында 15-20 пайызына дейін 3-4 сатысында. Сондықтан біздің әйелдер, қыздарымыз ерте келіп қаралауы керек. Ертелік келіп диагнозын анықтауы керек.

Қазақстан  осы дертке ота жасауда мини-инвазивті, сәулелік ем, химия және иммунотерапия жолдарын сәтті қолдануда. 2023 жылдан бері адам папилломасына қарсы екпе енгізілді. Былтыр қыркүйектен бастап 9 бен 14 жасқа дейінгі 300 мыңға жуық қыз балаға тегін вакцина салынды.

Гүлмира Игембаева, гинеколог-онколог:

Жас аспектілері көбінде 50-54 жас аралығында болса, қазіргі мағлұмат-деректерге байланысты бұл ісік жаңарып келе жатыр.
Бөлісу