Ерекше жандарға «Жан Шуақ» сыйлығы табысталды
Астанада жыл сайынғы «Жан Шуақ» халықаралық қоғамдық сыйлығын табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.
Бұл премия әр салада, кәсіби қызметте айрықша нәтижеге қол жеткізген ерекше қажеттілігі бар азаматтарға табысталады. Лауреаттар арасында пара армреслингтен әлем чемпионы, арбада отырып бимен айналысатын, білім беру бағдарламаның авторы, өнер саласының үздігі, жүзуден рекорд орнатқандары бар. Олар күн сайын табандылық танытып, баршаға үлгі болып отырған жандар. Шара биыл 18-ші жыл ұйымдастырылып отыр. Осы уақытқа дейін 130-ға жуық адам марапатталды. Ал биыл тағы 8 жеңімпаз анықталды. Әрқайсысына 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сертификат табысталды.
Құрбанали Абуов, «Жан Шуақ» премиясының иегері:
Бұндай премияны жайдан жай беріле бермейді ғой,еңбегімізді сіңіріп халыққа, арбада отырғанға қарамастан халқымызға-елімізге ат салысып, еліміздің туын шетелдерде биікке көтеріп жүргенімізді елеп-ескеріп жатқандарына үлкен рахметімді айтамын. Ақшалай көмек керек болып тұр еді, осыған тұспа тұс келіп тұр екен. Өзімнің денсаулығыма пайдаланым бұйырса.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Бір реттік шаралардан жүйелі шешімдерге, яғни орнықты, толыққанды, нағыз кедергісіз орта құруға көштік. Бұдан бөлек, инклюзия орталықтарының желісі көбейіп, білім алуға, еңбек етуге және қоғам өміріне етене араласуға мүмкіндік туғызылып жатыр. Мұның бәрі нәтижелі қадамдар, нақты істер.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы