Гонконгта өрттен қаза тапқандар саны 94-ке жетті
Гонконгта алапат өрт құрбандарының саны 94-ке жетті. Тағы 279 адам жоғалып кеткендер санатында. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, іздеу-құтқару операциялары Қытай уақытымен бүгін кешкі сағат 9-да аяқталуға тиіс. 4600 адам тұратын сегіз ғимараттық кешенде сәрсенбі күні өрт шықты. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан мұнаралардың сыртына бамбуктан жасалған саты бекітіліп, жасыл тор жабылған. Полицияның сөзінше, дәл осы материалдар лапылдаған жалынның тез тарауына себеп болған. Сонымен қатар, лифт холындағы терезелерге не үшін пенопласт бекітілгені де тексеріліп жатыр. Трагедияға байланысты үш адам тұтқындалды. Олардың қандай құрылыс компаниясынан екені әзірге белгісіз.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08