Шри-Ланкада тасқын мен лай көшкінінен 46 адам қаза тапты
Бүгін Шри-Ланкада «Дитва» циклонынан 46 адам опат болып, 23 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Қазір құтқару операциялары жалғасып жатыр. Адамдардың көбі жауын құйып, лай көшкенде мерт болған.Тасқыннан аралдық мемлекеттің шығысы мен орталығы көп зардап шекті. Жалпы алғанда, 44 мыңға жуық адам мектептер мен өзгеде мемлекеттік мекемелерге көшірілді.
Оқу орындары уақытша жабылып, пойыздар тоқтаған. Шри-Ланканың Порттар және
азаматтық авиация министрлігінің хабарлауынша, ауа-райы тіпті нашарласа, ұшақтар
Үндістанның оңтүстігіндегі әуежайларға жіберіледі. Жергілікті метеорологтардың
болжамынша, дауыл аралдың үстінен алдағы 12 сағатта өтерде тіпті күшеюі мүмкін.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01