Гонконгта өрттен қаза тапқандар саны 128-ге жетті
Гонконгта алапат өрт құрбандарының саны 128-ге жетті. Тағы 200 адам жоғалып кеткендер санатында. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, іздеу-құтқару операциялары аяқталды. 4600 адам тұратын сегіз ғимараттық кешенде сәрсенбі күні өрт шықты. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан мұнаралардың сыртына бамбуктан жасалған сатылар бекітіліп, жасыл тор жабылған. Полицияның сөзінше, дәл осы материалдар лапылдаған жалынның тез тарауына себеп болған. Сонымен қатар, лифт холындағы терезелерге не үшін пенопласт бекітілгені де тексеріліп жатыр. Трагедияға байланысты үш адам тұтқындалды. Олардың қандай құрылыс компаниясынан екені әзірге белгісіз. Гонконг полициясының өзге бір мәліметіне қарағанда, бұл кешенде өртті хабарлайтын дабыл жүйесі дұрыс жұмыс істемеген.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01