Кремль Каспий құбыр консорциумына шабуылды «шектен шығу» деді
Кремль Украина әскерінің халықаралық маңызы зор Каспий құбыр консорциумына шабуыл жасауын «шектен шығу» деп сипаттады. Мұны «Рейтерс» жариялады.
Ресейлік, қазақстандық және америкалық акционерлер бақылауындағы құбырдың Қара теңіздегі терминалына дрондар қарашаның 29-ында соққы берді. Соның салдарынан экспорт тоқтап, Ресейдің Новороссийск портындағы инфрақұрылым қатты зақымданған.
Оқиғадан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі шабуылға байланысты мәлімдеме жасады. Алайда Украина өз әрекетінің Қазақстанға немесе үшінші елдерге емес, Ресейдің «кең ауқымды агрессиясына» тойтарыс беруге бағытталғанын хабарлады.
Айта кетсек, еліміздің әлемдік нарыққа сататын мұнайының 80 пайызы дәл осы құбыр арқылы экспортталады.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01