Шри-Ланкада лай көшкінінің құрбаны 410-ға жетті
Шри-Ланкада алапат тасқын мен лай көшкіні құрбандарының саны 410-ға жетті. Тағы 336 адам жоғалып кеткен. Қазір аралдық елде құтқару операциялары жалғасып жатыр. Оған армия жауынгерлері де тартылған. Шри-Ланкаға жауындатқан «Дитвах» циклоны қарашаның 28-інде соққы беріп, талай елді мекенді топан су басты. Жергілікті үкімет шетелден келетін гуманитарлық көмекті қабылдауды жеңілдету үшін кедендік салықты алып тастады. Ел президентінің мәлімдеуінше, Шри-Шанка өз тарихында алғаш рет тұтастай су апатына душар болып отыр. Тағы бір айта кететін жайт, Индонезияда дәл осындай тасқыннан 753 адам қаза тапқан.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08