Болгария үкіметі халықпен санасуға мәжбүр болды
Болгария үкіметі 2026 жылдың бюджет жобасын парламенттен қайтарып алды. Биліктің мұндай шешім қабылдауына ондаған мың адамның бірнеше қалада шеруге шығып, қаржылық құжатқа наразылық білдіруі себеп. Демонстранттардың сөзінше, жаңа бюджет мемлекеттік шығындарды жабу үшін бизнестен салықты көп алуды көздейді. Сонымен қатар тұрғындар жемқорлыққа қарсы ұрандар көтерді. Болгария қаңтардың 1-де еуроға көшеді. Кей азаматтардың ойынша, мұның нәтижесінде балқандық республика экономикалық тәуелсіздігінен айрылады. Ал қоғамның өзге тобының пікірінше, саудагерлер ұлттық ақшадан ортақ валютаға өтуді пайдаланып бағаны өсіріп жіберуі мүмкін.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08