11 жыл бұрын жоғалған ұшақты қайта іздейтін болды
Малайзияның көлік министрлігі 11 жыл бұрын жоғалып кеткен «Боингты» іздеу операциясын желтоқсанның 30-да қайта жалғастыратынын жариялады. 370-ші рейс 2014 жылы Куала-Лумпурдан Бейжіңге ұшып бара жатып радардан ғайып болған. Оның бортындағы 227 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесінің тағдыры әлі белгісіз. Ұшақ содан бері талай рет іздестірілді. Алайда нәтиже жоқ. Дегенмен осы лайнерге тиесілі болуы мүмкін сынықтар Африка мен Үнді мұхитындағы аралдардың жағалауынан табылды. 2018 жылы жарияланған баяндамаға қарағанда, «Боингтың» бағыты әдейі өзгертілсе керек. Бірақ оған кім жауапты екенін тергеушілер әзірге анықтай алмай отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08