Гонконг университетінде роботтар сайысы өтіп жатыр. Шара темір машиналардың толық автономия жағдайында нақты мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған. Яғни. мақсат - қашықтан басқарылатын машиналарды өздігінен шешім қабылдайтын ақылды роботтарға айналдыру.
Гонконгта өтіп жатқан жарыста роботтар қалдықтарды сұрыптау, өсімдіктерді суару және навигацияға қатысты өнерін көрсетеді. Бұл тапсырмаларды орындай жүріп, олар көпірлерден, баспалдақтар мен басқа да тегіс емес жерлерден қиындықсыз өтуі керек.