Басты Жаңалықтар Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 адам қаза тапты


Ақтөбе облысында автобус аударылып, Өзбекстанның бес азаматы қаза тапты. Оқиға «Самара–Шымкент» тасжолында, Әйтеке би ауданының Ұлғайсын ауылы маңында болған.

Жолаушылар көлігінде 49 адам болған. Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай, автобус жолдың оң жақ қапталына аударылған. Бес жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Он бес адам Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың он үші алғашқы медициналық көмектен кейін амбулаторлық ем алуға жіберілді. Екеуінің жарақаты ауыр болғандықтан ауруханаға жатқызылды. Басқа жолаушылар уақытша Қарабұтақ ауылындағы кемпингтердің біріне орналастырылды.

Жамбыл Жайлыбаев, Әйтеке би аудандық ауруханасының басшысы:

Облыстан травматолог, нейрохирург шақырылып, қаралды. Операция және лаборосинтез жасалды. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, емдерін алып жатыр. Екінші науқас — Өзбекстан азаматы, 1974 жылғы. Диагнозы: бас миының шайқалуы, кеуде қуысының соғылуы. Ол кісінің жағдайы қалыпты.


Бөлісу