Басты Жаңалықтар Таиланд пен Камбоджа арасындағы даулы шекарада қарулы қақтығыс қайта басталды

Таиланд пен Камбоджа арасындағы даулы шекарада қарулы қақтығыс қайта басталды

Таиланд пен Камбоджа арасындағы даулы шекарада қарулы қақтығыс қайта басталды. Тараптар атысты алғаш болып бастады деп бірін-бірі айыптап отыр. Таиланд тарапынан 2 сарбаз қаза тауып, төртеуі жараланған. Ал Камбоджа шабуыл барысында 3 бейбіт тұрғын зардап шеккенін хабарлады.

Екі ел арасындағы шекара дауы ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді. Кезекті қақтығыс шілде айында болып, 5 күнге жалғасты. Сол жанжалдан екі жақтан да ондаған адамның өмірі қиылды. Осыдан кейін Таиланд пен Камбоджа Малайзия мен АҚШ президенті Дональд Трамптың араағайындығымен атысты тоқтатып, бітімге келген еді.



Бөлісу