Сирия халқы диктатордан құтылғандарының 1 жылдығын атап өтті
Бүгін Сирияда үлкен мереке. Бүкіл ел Асад режимінің құлауының бір жылдығын тойламақ. Ресми мейрам Дамаскінің Омаяд алаңы мен өзге қалаларда өтеді. Әскери парадтар да жоспарланған. Алавит азшылығынан шыққан Асадтар әулеті Сирияны 54 жыл басқарып, былтыр желтоқсанның 8-де Ахмед әш-Шара бастаған көтерілісшілер Дамаскіні басып алғанда құлады. Содан кейін Башар Асад отбасымен Мәскеуге қашты. Тағы бір айта кететін жайт, Сирияда 2011 жылы басталған азаматтық соғыс 13 жылға созылып, жүздеген мың адамның өмірін қиды. Миллиондаған сириялық босқын кебін киді. БҰҰ-ның мәліметінше, жаңа билік орнағалы 3 миллионнан астам адам үйлеріне оралған. Бірлігінен айырылған ел қазір тұрақтылық пен соғыстың зардабынан арылуға күш салып жатыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Қостанайда қорқытып, ақша талап еткен күдіктілер ұсталды
02.11.2026, 10:00
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00