Сирия үкіметі елді толық бақылауға алды
Сирия үкіметі елді толық бақылауға алды. Күрдтер басқаратын Сирия демократиялық күштерімен атысты тоқтату туралы бітімге келгенін мәлімдеді. Осы арқылы екі аптаға созылған қарулы қақтығыс тоқтады. Дамаскіде сөйлеген сөзінде президент Ахмед әш-Шараа бұл келісім елдің мемлекеттік институттарына шығыс пен солтүстіктегі үш провинцияға бақылау орнатуға мүмкіндік береді деді. Сонымен бірге мәмілеге сай, азаматтық мекемелер, шекара өткелдері мен мұнай-газ кен орындары Сирия билігіне өтеді. Дамаск күрдтердің мәдени және тілдік құқықтарын, оның ішінде күрд тілін ресми тіл ретінде тануға, күрдтердің Жаңа жылын ұлттық мереке деп жариялауға міндеттеме алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04
Энергетикалық сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсті
27.11.2026, 20:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты
27.11.2026, 20:03