Ұлттық құрылтай аясында қандай заңдар қабылданды?
Сонымен Сыр елінде бүгін бесінші ұлттық құрылтай өтеді.
Бұған дейінгі жиындар қайда өтті? Онда көтерілген мәселелер тегіс жүзеге асты
ма? Әріптесім Айжан Иманғали шолу жасап шықты.
Айжан Иманғали, тілші:
Бұған дейін Ұлттық құрылтай 4 рет, яғни Ұлытау, Түркістан, Атырау және Бурабайда өтті. Алқалы әр жиында қоғам дамуына қатысты маңызды бастамалар көтеріліп, заңдар қабылданды. Осыған дейін Құрылтай бастамасымен 26 заң қабылданды. Соның ішінде: Республика күні ұлттық мереке болды, Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілді, әйелдер мен балаларды қорғау, вандализммен күрес, есірткі тасымалына жауапкершілікті күшейту заңмен бекітілді. Сондай-ақ вейптерге тыйым салу, лудоманияға қарсы шектеулер қою, БАҚ туралы жаңа заң, онлайн-платформаларды реттеу қолға алынды, ғылым мен білім заңнамасына түзетулер, мемлекеттік наградаларды стандарттау, «Айбын» орденіне батырлар есімін беру, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру бойынша заңдар қабылданды. Құрылтай шешімімен бірнеше кешенді жоспар мен бағдарлама іске асырылуда. «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы енгізіліп, ұлттық кітап күні белгіленді, Ясауи мұраларын зерттейтін ғылыми орталық құрылып, «Әзірет Сұлтан» қорығына ұлттық мәртебе берілді. Нашақорлыққа, лудоманияға қарсы және волонтерлікті дамытуға арналған 2026 жылға дейінгі жол карталары әзірленді. Басым бағыттардың тағы бірі – Тәуелсіздіктің 40 жылдығына дейін цифрландыру, ЖИ, көлік-транзит, энергетика, агроөнеркәсіп және адам капиталын дамыту басты назарда болады. Бесінші отырыста осы бағыттарды дамытудың жаңа тетіктері талқыланады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04
Энергетикалық сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсті
27.11.2026, 20:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты
27.11.2026, 20:03