36 мыңнан аса талапкер ҰБТ тапсырды
10 қаңтарда басталған ұлттық бірыңғай тестілеуді 36 мыңнан аса талапкер тапсырған. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, қатысушылардың 64 пайызы қазақ, 36 пайызы орыс және 52 адам ағылшын тілін таңдаған. Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 60,3 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл - 57 балл. Ең жоғары нәтиже – 131 балл. Тестілеу барысында 94 ереже бұзушылық анықталған. 56 талапкер тестілеуден шеттетіліп, 38-і ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған. Еске салсақ, биыл қаңтардағы тестілеуге қатысуға 187 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Тестілеу 10 ақпанға дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04
Энергетикалық сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсті
27.11.2026, 20:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты
27.11.2026, 20:03