«Референдум–2026» онлайн-марафоны басталды
Жаңа Ата заң жобасын кеңінен талқылауға арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны басталды. 6 сағат бойы жаңа құжат - ашық әрі жан-жақты талданбақ. Шара отандық телеарналар мен ірі интернет-порталдардың ресми сайттарында және әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетіледі. Ұлттық арна әр сағаттың басында тікелей эфирге шығып, арнайы хабар таратады. Бұл онлайн-марафон - әр азаматқа жаңа Конституция жобасымен танысып, ел болашағына қатысты ой-пікірлерді саралауға мүмкіндік беретін ашық қоғамдық диалог алаңы. Марафон аясында Конституциялық комиссия мүшелері, қоғам қайраткерлері, заңгерлер мен сарапшылар жиналған 100-ге жуық спикер бір алаңда бас қосады. Пікір алмасулар кешкі сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04
Энергетикалық сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсті
27.11.2026, 20:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты
27.11.2026, 20:03