12 млн 400 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие
Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум 15 наурыз күні өтеді. Дауыс беру таңғы 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Үгіт-насихат жұмыстары 12 ақпан мен 14 наурыз аралығында жүргізіледі. 14 наурыз – «тыныштық күні», бұл күні агитация жүргізуге тыйым салынады.
Орталық референдум комиссиясы дауыс беру кестесін бекітіп, дайындық тәртібін түсіндірді. Жыл басындағы дерекке сәйкес, елімізде 12 млн 400 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие.
Азаматтардың референдумға қатысуы үшін олардың аты-жөні арнайы тізімге енгізілуі қажет. Егер тұрғын тізімнен табылмаса, әкімдікке өтініш беруге құқылы. 27 ақпаннан бастап әр адам өз учаскесіне барып нақтылай алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04
Энергетикалық сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсті
27.11.2026, 20:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты
27.11.2026, 20:03