«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Ұлттық киім» шеруін өткізді
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Наурызнама онкүндігі аясында Астанада ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған «Ұлттық киім» шеруін ұйымдастырды. Іс-шара ұлттық және заманауи этно музыкамен басталып, көрерменге ерекше атмосфера сыйлады. Концерттік бағдарламада «Сарайшық» этноансамблі музыкалық попурри орындап, мультиинструменталист Еділ Құсайынов этно әуендерін ұсынды. Сондай-ақ дәстүрлі әншілер Айгүл Елшібаева мен Жазгүл Даңылбаева өнер көрсетті. Шараға 200-ден астам адам қатысып, әрқайсысы дәстүр мен заманауи сәнді үйлестірген ерекше киім үлгілерін таныстырды. Бұл бастама ұлттық сән мәдениетін дәріптеп, қазақ халқының эстетикасы мен рухани құндылықтарын жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндік берді.








Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дағыстанда су тасқынынан 4 мыңнан аса адам эвакуацияланды
07.04.2026, 13:11
Шымкентте мың маман жұмысқа жолдама алады
07.04.2026, 13:09
Елімізде үш ғасырға жетер көмір қоры бар
07.04.2026, 13:08
Атырауда қоқыс полигоны өртеніп жатыр
07.04.2026, 13:07
Тараз көшелеріне көлік қаңқалары қойыла бастады
07.04.2026, 13:06
Иран Ормуз бұғазында жаңа тәртіп орнатпақ
07.04.2026, 13:04
БҰҰ: Кубада гуманитарлық дағдарыс
07.04.2026, 13:03
Қостанайда ₸2,5 млрд субсидия ұрлағандар сотталды
07.04.2026, 13:02