Басты Жаңалықтар Абайдың рухына тағзым етті

Абайдың рухына тағзым етті

Мәскеудегі Абай ескерткішінің бой көтергеніне 20 жыл толды. Қазақтың ұлы ақынына 2006 жылы Ресей астанасының қақ төрінде, «Чистые Пруды» бульварында ескерткіш орнатылған. Бұл жерде бастапқыда Қазақ КСР-нің тұрақты өкілдігі болған, ал қазір Қазақстанның Ресейдегі елшілігі орналасқан. Мәскеудегі Қазақстанның дипломаттары, қандастар, Астана қаласының Мәслихат депутаттары ескерткішке гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. «Мәскеудің орталығында Абай ескерткішінің ашылуы Ресейдің тек ұлы қазақ ойшылына ғана емес, бүкіл қазақ халқына деген құрметін білдіреді»,- дейді көпшілік.

Александр Юрьев, қала тұрғыны:

Біз осы ескерткіштің жанында үнемі серуендейміз. Себебі Абай біз үшін де ұлы ақын. Бұл күннің ресейліктер үшін де маңызы зор. Мәскеуліктер барша қазақ халқын бұл күнмен құттықтайды. Ескерткішке 20 жыл ғана болса да, Абайдың шығармаларын осы ескерткіш арқылы біліп, танып жатырмыз. Достығымыз арта берсін.


Бөлісу