Түркістанның жасыл белдеуіне 2 мыңнан астам көшет егілді
Түркістанда табиғат жанашырлары қаланың кіреберісіне 1200 түп қырым қарағайы мен 1000 түп жапырақты ағаш отырғызды. Осылайша шаһардың жасыл белдеуіне бір күнде 2 мыңнан аса көшет егілді. Экологиялық акцияға мемлекеттік қызметшілер, қала тұрғындары мен жастар бір кісідей қатысты. Биыл өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 1 миллион түп ағаш егу жоспарланған.
Нариман Мархабаев, Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:
Жалпы, бұл іс-шараның мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сонымен қатар таза ортаға, қоршаған ортамызға жанашырлықпен қарауға баулу. Алдағы уақытта да Түркістан облысына қарасты 17 қала-ауданда осы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы белсенді түрде ұйымдастырылып, оған жастарды мейлінше көптеп қатыстыру біздің жоспарымызда бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04
Энергетикалық сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсті
27.11.2026, 20:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты
27.11.2026, 20:03