Astana smart city: 582 бағдаршам автоматты режимге көшірілген
Астанадағы 818 бағдаршамның 582-сі автоматты режимге көшірілген. Astana Smart City жобасы іске қосылғалы көлікте телефон ұстайтын немесе қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілер тіркеліп жатыр. Қала әкімдігінің дерегінше, олардың саны аз емес. Жаңа жүйе заң бұзушылықтарды өздігінен таниды. Қалаға күніне 100 мыңға жуық көлік кіріп-шығады, нәтижесінде жалпы жүктеме тәулігіне 600 мыңнан асады. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек Үкіметтегі ведомствоаралық комиссия отырысында бірыңғай оператор, яғни «Жол қозғалысы орталығы» құрылатынын айтты. Ол автотұрақтарды, бағдаршамдарды реттеуді, эвакуацияны және жол апатын азайту шараларын үйлестіреді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04
Энергетикалық сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсті
27.11.2026, 20:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты
27.11.2026, 20:03