Қазақ халқының көмескіленген этнографиясы
«Қазақ қанша қонақ шақырған? Он екі. Өйткені малдың он екі мүшесі болған». Осы бір танымдық дерек жазушы-этнограф Төрехан Майбастың «Қазақ халқының көмескіленген этнографиясы» еңбегінде айтылады. Бүгін Астанадағы Ұлттық кітапханада кітаптың тұсаукесері өтті. Шараға зиялы қауым, әдебиет өкілдері мен Парламент депутаттары қатысып, еңбектің ұлттық құндылықтарды жаңғыртудағы маңызын атап өтті.
Төрехан Майбас, жазушы-этнограф:
Бұл ғылыми еңбек емес, зерттеу еңбек емес. Мұнда ешқандай сілтеме жоқ. Бұл кәдімгі халықтың ішінен қалып қойған, ұмытыла бастаған, ажырап қалған, өзіміз қолданып, бірде қолданбай жүрген сөздер. Түсініктер мен тұтастай бір ұғымдар.
Дихан Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» серіктестігінің директоры:
Қазақ сөзінің негізгі құпиясын елдегі кеудесі көмбек ақсақалдар біледі. Ұлттық тәрбиеге қатысты қаншама сөздер. Осының бәрі де құпиясын бүгіп жатыр. Төрехан Майбасов жас күнінен осы тақырыпқа бейімделіп, әкеден, атадан, айналадағы білікті азаматтардан соны жинап, соны зердесіне құйып жүргенін байқаймыз. Бүгінгі кітабын оқып отырғанда байқамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04
Энергетикалық сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсті
27.11.2026, 20:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты
27.11.2026, 20:03