«Үш күрестен» жарыс өтті
Қарағандыда «Үш күрестен» жарыс өтті. Сайысқа бес салмақ дәрежесі бойынша 20-дан астам спортшы қатысты. «Үш күрес» деп аталатын спорттың бұл түрін өткен жылы Абылайханның 300 жылдығына орай, кенді аймақтағы ардагер спортшылар ойлап тауып, алғашқы жарысты өткізген болатын. Ал, бұл турнир Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналып отыр.
Шымырлықты, шыдамдылықты талап ететін спорттың бұл түрінде қарсыластар ең әуелі семсерлеседі, одан кейін қанжармен шеберлігін көрсетеді, соңынан қоян-қолтық жекпе-жекте барын салады.
Бүгінде «үш күреске» жастардың да қызығушылығы артып келеді, дейді ұйымдастырушылар. Қазір олар «үш күресті» жеке спорт ретінде тіркеу үшін тиісті құжаттарын жіберген.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік жастар өзен-көлдердің жағасын тазалады
11.08.2026, 17:10
Абай күнінде Жетісу облысында жүзден аса мәдени шара өтті
11.08.2026, 17:08
Бельгияда Абайдың мүсіні қойылады
11.08.2026, 17:05
Бір колледжде оқыған 10 жігіт әскерге бірге барды
11.08.2026, 17:02
Ел жаңалықтарына шолу
11.08.2026, 17:01
Форт-Шевченко қаласында ауызсу мәселесі шешілді
11.08.2026, 16:58
Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясы салынып жатыр
11.08.2026, 16:57
Қазақстандағы реформалар - саяси трансформацияның жаңа кезеңі
11.08.2026, 16:55